«Тәрбие тұғыры-имандылық» тақырыбында іс-шара өтті

Бүгін А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасында «Тәрбие тұғыры-имандылық» тақырыбында іс-шара өтті. Осы шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Данагүл Төлендиева ашып, шараға арнайы шақырылған қонақтармен және кітап көрмесімен таныстырды. Көрмедегі тәрбиелік мәні бар кітаптармен діни кітаптар ға қысқаша шолу жасады. Одан әрі «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Нұртайұлы сөз алып, адамгершілік, имандылық, отбасы,бала тәрбиесіне кеңінен тоқталып, ата-дәстүрімізді жаңғыртар иманды,еліне адал қызмет жасайтын ұрпағымыз көбейсе, имандылық ең басты адамның адам болмысын білдіретін үлкен құндылыққа айналары сөзсіз деп,жастарды имандылыққа шақырды. Шара соңында жазасын өтеушілер де көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасып,тұшымды жауаптарын алды.
Бүгінгі кездесуден жақсы әсер алдым. Маратбек ағамыздан көп мәлімет алдық.Әрбір адам рухани бай болса жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Өзім де жастықпен шалыс бастым.Жазамды өтеп жатырмын.Бүгінгі кездесуде ойымыз серігіп, еркін пікір алмастық. Осындай кездесулерді мекеме әкімшілігі жиі ұйымдастырады. Алғысымыз шексіз «,-деді сотталған азамат.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...