Алматылықтар түтін иісіне шағымданды: синоптиктер болжамы

Қазақстанның бір қаласында 25 тамызда қолайсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, жұмада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Мұнда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Бұл ретте Tengrinews.kz оқырмандары қазірдің өзінде қаладағы жағымсыз иіске шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, түтін иісі Төле би көшесі мен одан төменірек, Райымбек даңғылы аумағынан шығып жатыр.

ТЖД мәліметінше, 25 тамызда сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде өрт ангар типті қойманы ашық жалынмен S=295 м2. Шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады.

«Жергілікті жерде өртті сөндірудің екі учаскесі құрылпы, көршілес қоймаларды өртті сөндіру, көршілес қоймаларды қорғау және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен қиындады (онда құрылыс материалдары – ламинат толған болатын және т.б.)», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өртті сөндіру жоғары электр сымдарының болуына байланысты жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...