Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің тұрғын үй төлемдерін алушы жеке құрам қызметкерлеріне мекеме бастығы М.Өтетлеуов, ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының бас маманы Ә.Беркінбековтің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында жеке құрам қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 11.08.2023 жылғы №1-7-6-4-46/2635-И санды нұсқауымен танысып, тұрғын үй төлемдерін негізсіз мақсатта қолданбау, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру фактілерін болдырмау және басқа да заң бұзушылыққа жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Тұрғын үй төлемдерін төлеу Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 05 тамыздағы № 524 «Ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қаулысы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау арнайы құрылған тұрғын үй комиссиясы төрағасы басшылығымен комиссия мүшелерінің отырысында қызметкердің заңға сәйкес ұсынған құжаттарын зерделеу барысында тағайындалады» — деді мекеме бастығы М.Өтетлеуов.
Сонымен қатар, қызметкерлер өздерінің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...