Синоптиктер күзге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Қазақстан аумағындағы күзгі маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыркүйекте орташа температура республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының шеткі солтүстік-батысында.

Күздің бірінші айында жауын-шашын мөлшері де республиканың басым бөлігінде нормаға жақын — Маңғыстау облысы мен Ұлытау облысында, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Жетісу облысының басым бөлігінде, Атыраудың шеткі оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының шеткі оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстік-батысында.

Қазанда ауаның орташа айлық температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормаға жақын болады деп күтіледі. Қазанда республика бойынша жауын-шашын нормаға жақын болады деп болжанған.

Қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарында нормаға жақын болады деп күтіледі. Қарашада жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады, нормаға жақын – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте Алматы облысының жартысында, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...