12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстық процестегі өзгерістер – құқық қорғаудың жаңа тәсілі

Ұлттың дамуының маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Қазақстанда жасалған сот реформасы сот төрелігі жүйесін азаматтар талаптары мен мүдделеріне жақындатты, істерді сотта қараудың сапасын айтарлықтай арттырды. 

Жыл озған сайын заңнамаларды жетілдіру қажеттілігі туындайды. Соған байланысты, мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Қылмыстық және Қылмыстық-процестік Кодекске талдау жүргізіп, сот төрелігіне кедергі келтіретін барлық нормалардан арылу керектігін, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық процестік заңның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңыздылығын атап өткен болатын.

Осы тапсырманың аясында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістерге тоқтала кетсек, ҚПК-нің 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда тінту алдында осы заттарды ерікті түрде беру өз еркімен тапсыру болып табылмайды және ҚК-нің 287-бабына Ескертудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқпайды, бірақ сот ҚК-нің 53-бабы екінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететін мән-жай ретiнде тануы мүмкiн.

Егер тінту жүргізу кезінде адам тінтілетін жерден тыс жерде (басқа аумақта, өзге адамдарда және т.б.) сақталған оның өзі көрсетпейінше табу мүмкін болмайтын ҚК-нің 287-бабында көзделген қару мен өзге де заттардың өзінде бар екендігін мәлімдесе, онда аталған әрекеттер ерікті түрде тапсыру деп танылады және адам ҚК-нің 287-бабына ескертуге сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Тінту процесінде бастапқы заттар табылмаған жағдайда, бірақ тінту аяқталғаннан кейін адам тінту кезінде табылмаған осы заттардың тұрған жерін көрсетсе және олар кейін сол жерден алынса, онда адамның мұндай әрекеттерін де ерікті түрде тапсыру деп тану қажет.

Заттарды ерікті түрде беру және ерікті түрде тапсыру туралы жоғарыда аталған түсіндірмелер жеке тінтуді, алу мен қарап-тексеруді жүргізу жағдайларына да қолданылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың қарулары және (немесе) құралдары және заттай дәлелдемелер деп танылған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі автомобильдерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес сот ҚК-нің 48-бабының негізінде мемлекеттің меншігіне тәркілеуге тиіс.

Тергеу әрекеттерін ҚПК-де белгіленген жалпы тәртіппен жүргізу кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін не іздестіріліп жатқан адамның жасырынуы, қылмыс іздерін жоюы мүмкін деп нақты қауіптенетін және (немесе) алып қоюға жататын объектінің табылуы кешіктірілуге байланысты жоғалуы, бұзылуы немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін және т.б. жағдайлар кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін негіз беретін ерекше мән-жайлар болып танылады.

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судья тәуелсіз, Конституцияға және заңға ғана бағынысты болуға, объективтілік пен бейтараптылықты сақтауға, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатының іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Судья өзі қараған немесе іс жүргізуіндегі сот істеріне мәні бойынша қандай да бір түсініктемелер беруге және өз пікірін білдіруге міндетті емес.

Сот тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатына сәйкес сот отырысында тараптардың тең мүмкіндігін және тараптардың өз процестік міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті.

Араласудың мұндай түрлеріне, атап айтқанда сот процесінің нақты тарабының пайдасына соттың (судьяның) шешім қабылдауы туралы адамның тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші және соттың іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатында басқа да қасақана жасалған әрекеттер жатқызылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұрын «қорғалуға құқығы бар куә» ретінде болған күдіктінің айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салуды енгізу, кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша «еселенген айыппұлдар» енгізу, коллекторлық агенттік қызметкерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастыру, қорғау тарапына айыптау актісіне қарсы құжат болатын қорғау актісін сотқа енгізу құқығын беру, қылмыстық істерді жүргізудің электрондық форматына көшу, интернет желісіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды жәбірленушінің орналасқан жері бойынша тергеп-тексеру, қылмыстық процесте жәбірленуші, күдікті мен куәге қатысты қашықтықтан беттестіру мүмкіндігін енгізу ұсынылды.

Қылмыстың арнайы санаттары бойынша енгізілген өзгерістер Қылмыстық Процестік Кодекстің жаңа мазмұнында көзделген. Оған сәйкес, экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні деген сөздер экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні, экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың елу айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні деген сөздермен ауыстырылған.

Ал, вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра обьектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау —  елуден бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Одан бөлек, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал келтірсе,   мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еліміздің сот жүйесі заманның талабына сай келетін ұлттық сот төрелігіне айналды. Заман алға озған сайын, дәуірдің талаптарына икемделіп, соған сай заңнамаларға да өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қамтамасыз ете түсіп, заңның үстемдігінің жаңа тәсілдеріне жол ашады.

Ұлттық сот жүйесі қоғамдағы тұрақтылықтың, құқық үстемдігінің, қоғам мен мемлекет мүдделерін мүлтіксіз сақтаудың, қазақстандықтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепіліне айналды.

Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы – кез-келген елдің кемел болмысының көрінісі. Сот жүйесінің дамуы үздіксіз жетіліп отырады. Ал, осы жолдағы жаңашылдықтар  мен өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тәсіліне айналатынына сенім мол.

А.Изтелеуова,

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...