ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҒЫ ТҮРМЕДЕ ӨТТІ

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның №55-ші мекемесі мен Төлеби аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №5-ші өрт сөндіру мекемесі бірлесе отырып, өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Шараның мақсаты– мекемедегі өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады.
Сабақ барысында мекеменің 2-ші қабатындағы кабинеттерінің бірінен өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мекеме қызметкерлерінің әрекет етуімен ғимараттан барлық қызметкерлер қауіпсіз орынға көшірілді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 1 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, медицина қызметіне тапсырды.
Жалпы өрт-тактикалық сабаққа Өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Сабақ барысында өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ, тиісті нұсқаулар айтылып, тактикалық дайындық іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.


Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі

Виртуалды қауіптер тізбегі: Онлайн-алаяқтықтан басталып, дроперлік пен сталкингке ұласатын киберқылмыстар

Цифрлық технологиялар өмірімізді айтарлықтай жеңілдеткенімен, қылмыстық әлемді де жаңа...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...