Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – басты парыз

                                                                            Адалдық деген – әлемнің ұлы байлығы

                                                                                                                        М.Шаханов

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының  бір өлшемі іспетті. Қазақ пайымында  адам бойындағы адалдық – ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің  жиынтығынан тұрады.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау. Сондай-ақ, демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы,  ең алдымен мемлекеттің атына  нұқсан келтіреді. Осыған орай, мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты Жарлықтары қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған байланысты Түркістан облысының  Әділет департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау үнемі бақылауға алынып, іс-шаралар өткізілуде.

Қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздікті алдын алуды әрбір азамат өзінен бастағаны жөн. Еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің асыл мұраттарға қол жеткізуі біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының  азаматтық борышы, міндеті.

                                                                      Баубекова Майра,

                                                           ТО Әділет департаментінің әкімшілік

                     бөлімінің  бас маманы  

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...