АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЖД -ДА ЭПИДЕМИАЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматы қаласындағы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстардың қорытындысын шығарды. Өткен алты айда атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен ЖИТС орталығының эпидемиологы Б.Табинова таныстырып, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясының төмендеу тенденциясын атап өтті.

Эпидемиолог дәрігер 2022 жылмен салыстырғанда аталған ауру деңгейінің төмендеуіне тестілеу жұмысының да оң ықпал еткенін тілге тиек етті. «Арнайы контингенттің арасында аурудың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің де нәтижесі мол. Атап айтқанда дәрігерлер қызметкерлер мен сотталғандарға вирустың таралу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы дәріс оқиды, ақпараттық және оқу материалдарын таратамыз»-дейді ҚАЖД №11 мекемесінің санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалау тобының маманы С.Таласбаев..
Жартыжылдық жұмысты қорытындылау кеңесіне қатысқандар АИТВ-ға тестілеуді және сотталғандарды босату алдында бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Әлімбекова туберкулездің химиопрофилактикасы және АИТВ жұқтырған адамдардың антиретровирустық терапияға бейілділігін арттыру бойынша ұсыныстар берді.

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...

Совершенствование правовых механизмов 

С момента обретения Независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

Связь времен и поколений

Алматинский городской суд ведет работу по созданию исторического музея,...