12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мемлекеттік тіл — еліміздің қазынасы»

Мемлекеттік тіл тағдырына қатысты  тіл жанашырларының жан айқайы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланудан кемде емес. Бізде осы кейбір мәселенің өзіміз зерделеп себеп-салдарына тоқталып, көкейдегі кейбір ойларымызды орталаға  салуға ниеттендік.  Тілі тәуелді елдің тәуелсіздігі күмәнді.

Қазақпын деген әрбір азамат «тілім тәуелсіздігім тірегім, тілім – болашағым, тілім – мақтанышым» — деген биік сезімді мұрат ету шарт. Бұл, әсіресе билік басындағылармен халық қалаулары қатаң ұстанар қағидаға айналуы қажет. Себебі, олардың мінез-құлқы, іс әрекеті, сөйлеген сөзі үнімен көптің көз алдында. Ал, мырзалар біз-баяғы қалпы, мінерге шығады да орысша желдірдетіп ала жөнеледі. Сонда  олардан үйренер үлгі алар өнеге осы болғаны ма?

Болмысында ата дәстүрге берік халық – қазақ халқы болар. Іздеушісі, ізгі істі ұлықтаушы ұлы қалықтың алтын қазынасы – ана тілі. Ата қанымен, ана сүтімен бойына сіңген бұл қасиет оны биіктетіп тұрған. Ал ана тілден ардақты, ана тіліңде жеткізген ойыңнан ардақты не бар дейсің? Тек соның қадірін, қасиетін ұлықтай алдық па біз? Бұл сауалдың жауабы — ұлы даланы еркін мекендеп келе жатқан ұлттың тілі – қазақтың тілі өлмейтін тіл. Бір ғана хәкім Абайдың ой-өрнектерінде өнегелі өрімдермен өрілген даналық та осы асыл тіліміз арқылы мұра болып келеді…

Ана тіліміз өміршең құжаттармен де қорғалып келеді. Ата Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Демек, мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесі айшықталып бекітілген, ұстанымсыз айқын. Өйткені,тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы, асыл мұрасы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз. Ана тіліміз асыл  мұра. Құндылығымыз да осы тіл. Құндылығын қызғыштай қорғау да қазақққа  тән  құбылыс.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сол тілде сөйлейтін, содан сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы  мәдени — әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым болып табылады. Ұлттың тілінің өрісі тарыла бастауы  ұлттың да жойыла бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың шежіресі, тарихы, мәдениеті, мінезі айнадай көрініп тұрады. Мәселен, қазақтың тілінен қазақтың кең байтақ сайын даласын, аспанмен таласқан асқар тауларын, жасыл-желек ормандары мен буырқанып сарқыраған асау өзендері мен көзтартар айдын көлдерін, қайыспас қайсар мінезі мен көшпенділік тұрмыс-салтын айқын аңғаруға болады. Сондықтан  білікті де белгілі  тіл танушылардың «Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»,- деп тұжырымдауы тегін емес.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 4, 13-баптарына сәйкес мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Айта кететін болсақ, қазіргі таңда сот жүйесінде мемлекеттік мекемелер арасындағы хат алмасу, қолданыстағы электрондық құжат айналымға қатысты бағдармалардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бұл да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуіне үлкен үлесін тигізіп отыр.

Қазақстан мемлекетінің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, тілін өркендетуге болады. Бұл еркіндік азаматтық тұрғыдан да, қоғамдық асыл мұраттармен де қорғалады. Қазақ тілі-мемлекетіміздің  байлығы.

Жамбыл облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

соты Әкімшісінің жетекші маманы                                            Б.Оразаева

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...