Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған азаматқа түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметтерінің есебінде 1000-ға жуық сотталған тұрады. Осы тұлғалармен қайта қылмыстың алын алу мақсатында пробация қызметінің инспекторлары профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізеді. Әлеуметтік-құқықтық және медициналық көмекті қажет ететін тұлғаларға көмектер беріледі. Бүгін қалалық пробация қызметінің есебіне алынған С.есімді азаматқа пробация инспекторы әділет капитаны Самрат Спанов сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі мен міндеттерін түсіндірді. Бұл азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 293 бабының 3 –бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Бұзақылық жасап, жазамды алдым. Өкінішім де бар. Бүгін пробация үйіне келіп тіркелдім.Пробация қызметкері заң шеңберінде жаза өтеудің тәртібін түсіндірді. Өз-өзіме қайта қылмыс жасамауға, жұмыс жасап отбасыма көмек көрсетуге уәде бердім.Бұл да сынақ шығар,қылмысқа барудың соңы жақсылықпен аякталмайтынын түсіндім»-деді есепке алынған азамат.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...