Пробация есебіндегі азаматтарға психодиагностикалық аппаратпен зерделеу жұмысы жүргізілді

03.08.2023 жылы Қызылорда қалалық пробация қызметінің психолог маманы әділет капитаны Гүлзинат Жилкаманова пробация есебіндегі тұлғаларды қабылдап, «Ақсұңқар» психодиагностикалық зерттеу аппаратымен азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтады. Қабылдау барысында 20 азаматқа танысу, ой бөлісу, пікір алмасу кезеңдері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы мұндай шара бірінші кезекте «қызыл» санаттағы яғни қайталап қылмыс жасауға бейімі бар сотталған азаматтар өткізілуде. Жыл басынан 150- ден астам есептегі азамат өткізілген. Алдағы уақытта өткізілмеген азаматтарды өткізілу жоспарлануда,-деді әділет капитаны Г.Жилкаманова.

Психолог маманның қабылдауында болып, психологиялық тестілеуден өттік.Психолог маман өткізетін семинар тренингтерге де қалмай қатысамын. Алға қойған арманым мен мақсатым бар. Жеке кәсіп ашсам деп ниеттеніп жүрмін. Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға психологтың қолдауы керек. Толғандырып жүрген сұрақтарымды қойып, маманның кеңесін алдым. Аңғалдықпен жасаған қылмысыма өкінемін, енді қылмыс әлемінен бойымды аулақ ұстап, алдағы уақытта ата-анама көмектесіп, отбасылы болғым келеді,- дейді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...