Қақпа алдында кездесу әдістемелік ұсынымның 3-ші қорытынды кезеңіне сәйкес, мекемеден босатылуына 1 жылдан төмен қалған 31 сотталған азаматшаларға БЕТО тобының аға инспекторының бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әлеуметтік құқықтық көмек алу бағдарламасы жасақтала отырып, мекеме әкімшілігі жергілікті атқарушы органдардан Атырау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері, Полиция департаменті қызметкерлері, Атырау қалалық Көші-қон басқармасының қызметкері, Атырау қалалық 7 емхана дәрігері, Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, Атырау қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығының мамандарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алу құқықтары медициналық қызмет алуға, құқықтық көмекке, түзеу мекемесінен босатылған азаматтың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдем-ақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация берілетіні жеткізілді. Осындай шара босатылған сотталғандарды қайта қылмыс жасамауға, әлеуметке тез бейімделуге оң ықпалын тигізетініне кәміл сенімдіміз.


