Қостанайда найзағай түсіп, астық қоймасы қирады

Қостанайда астық қоймасына найзайғай түсіп, құрылым бөлініп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады (екі астық қоймасы).

«Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...