Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық ұрысының жеңімпаздары

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері облыс бойынша Құқық қорғау және арнайы органдар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен чемпионаттан 3 орынды жеңіп алды.

Ақтөбе облысының Полиция Департаментінің ұйымдастыруымен, құқық қорғау және арнайы органдар мен күштік құрылым қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен облыстық чемпионатқа Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы атынан 4 түрлі салмақтағы 4 қызметкер қатысты. Әр салмақта 16 адамнан құралған іріктеу кезінде топты жарып шығып, қоян-қолтық ұрыс кезінде 57 кг салмақ дәрежесіндегі әділет сержанты Бауыржан Амангелді 3 орынды, ал 88 кг салмақтағы әділет капитаны Данияр Нуралин 3 орынды жеңіп алды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 түзеу мекемесінің бақылаушы қызметіндегі Бауыржан Амангелді ҚАЖ саласында 2 жылдан астам, ал Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің инспекторы Данияр Нуралин ішкі істер органдарында 10 жылға жуық қызмет етуде. Аталған қызметкерлер бұған дейін де ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен чемпионаттардан жүлделі орындармен оралған болатын.

Спорттан жоғары нәтижеге қол жеткізіп келетін ҚАЖ қызметкерлері алдағы күндері Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен Щучинск қаласында ҚАЖ қызметкерлері арасында өтетін чемпионатқа қатысатын болады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық топтың мүшесі Р....

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың...

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...