12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өрт қауіпсіздікін сақтайық

         Еліміздегі қазгидрометтің болжамы бойынша алдағы өрт қаупі бар кезеңде орташа температура +30ºС болады, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен температураның +40ºС-қа дейін жоғарылап, жауын-шашын тапшылығы болады. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттыратындығы анық.  Ал, Тараз қаласында тұрғын үйлердің өртенуі жағдайлары көптеп кездесуде. Соған байланысты тұрғындар тарапынан сақтық жағдайын жүргізуді сұраймыз.

         Алайда, кейбір азаматтар тарапынан бұл талаптардың сақталмаған жол беріледі, яғни есік алдына шөп тұрған қора жайдың қасына от жағу, темекіні кепкен шөпке, жанармай қасына тастау, бұл тұрғыда ондай құқықбұзушылықтарға қатысты заңнамаларда жауапкершіліктер қарастырылғандығын ескерген жөн.

         Мысалы, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 410 бабына сай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

        ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабына сай,  Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы көзделген.

        Біздің қоғам әрқашанда келесіні естен шығармауы абзал. Адам өмірі, ең қымбат қазына, сол себептен әр азамат өрт қауіпсіздігін жете сақтауы керек деген тұжырым жасалынады.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының

Баспасөз қызметі

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...