12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Психолог мамандар ҚАЖ қызметкерлерімен тренинг өткізді

18.07.2023 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне Облыстық жастар ресустық орталығының психологы Гүлжайна Нетбаева мен осы мекеменің психологы әділет аға лейтенанты З.Бостанова психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренингті жүргізген Гүлжайна Нетбаева қызметкерлерді топқа бөліп, психологиялық жаттығулар шарттарымен таныстырып, бір сәт балалық шақтарындағы қызықты жағдайларды естеріне түсіріп, балалық шаққа саяхат жасады. Қатал да қауырт қызметтегі погонды қызметкерлер психологтың сұрақтарына емін еркін жауап беріп, көңілдері бір серпіліп қалды. Одан соң «МАК» картамен терапиялық жұмыс жасады. Әрбір қызметкер карта таңдау арқылы таңдаған картасында қандай сурет көріп тұрғанын өз ойымен жеткізді.Бұл картамен жұмыс жасау арқылы өзіңді жақсырақ тануға және психологиялық жағдайды түзетуге көмектеседі.

-Жеке құрам арасында психологиялық тұрғыдан қолдау бойынша іс-шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін де қызметкерлермен терапиялық жұмыс жүргізілді. Тренингтің мақсаты түрлі стрестік жағдайлардың алдын алу мақсатында ұжымдастар арасында қарым-қатынасты одан әрі жақсарту болып табылады,-дейді мекеменің психолог маманы Замира Бостанова.

-Жұмыстың қауырттылығанан жеке өмірімізге уақыт бөліп, көңіл көтеруге уақытымыз жеткіліксіз болып жатады. Алайда, мекеме психологының арқасында Жастар ресуртық орталығының психолог маманымен бірлесіп, сергіту сәтін өткізіп, ойымызды бөлдік. «МАК» картасы арқылы өзімнің ойымды ашық айтып терапиялық ой сергітіп алдық. Балалық шаққа саяхат жасап, бала күніміздегідей әсер алдым десемде болады,-дейді мекеме қызметкері әділет кіші сержанты Болатбекұлы Балғынбек.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...