Бірнеше баппен айыпталған азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде бірнеше баппен күдікті деп танылған азамат өзінен алты жас үлкен азаматшамен заңды некеге тұрды.

Қырық жастағы азамат ҚР ҚК 194-б 4-бөлігінің 1- тармағы, 262 баптың 1-бөлігі, 297-б аптың 4-бөлігі және 266 баптың 1-бөлігі бойынша күдікті деп танылуда. Бүгінгі таңда бұл азаматтың жасаған қылмыстары бойынша ісі тергеуде. Сот үкімі шықса, бірнеше жылдарын темірторда өткізетіні анық. Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім, басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді.

Маған оның адалдығы ұнады. Сондықтан жас алшақтығына қарамай ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтініш жаздық. Мекеме заңгері Б.Абдразақтың ықпалымен неке куәлігін алдық. «Енді сотталып кеткен күнде кездесуге келіп тұрамын» дейді сүйіктім.

Алдыңғы некеде бақытты бола алмадым. Ақша аз табасың деп тастап кетті. Соған ызаланып, бай болсам дедім. Оңай жолмен ақша тауып, қылмыс жасадым.

Енді міне, заң алдында жауап беруге тура келеді.Бірнеше жылдар темірторда отырамын.

Бірақ қиын шақта қолдап, менімен бас құрауға келіскен жан бар. Бұл некеге маған үміт сыйлайды – дейді айыпталушы.

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...

Нысанаға дәл тигізгендер жеңіс тұғырынан көрінді

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Түркістан облысы...