РАТТ мүшесі сотталғандармен кездесу өткізді

«Нұр-Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы, республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде болып, сотталған азаматтармен «Діндегі қарама-қайшылықтар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің бірінші бөлігінде Т.Талдыбаев «Жусан» операциясы бойынша түсірілген бейнебаян көрсетті. Сонымен қатар, өзінің «Жусан-3» және «Жусан-4» операциясымен елге оралған азаматтармен жұмыс жасағандығын айта келе, осы жұмыс тәжірибесінде аталған азаматтардың Сириядағы қарулы қақтығыстарға кетуінің себептерінің көп екендігін, соның ішінде басым көпшілігі Ислам дінін өз деңгейінде түсіне алмағандықтан кеткендігіне көз жеткізгендігін айтты.
Кездесудің екінші бөлігінде «Діндегі қарама-қайшылықтар» жайында айтып берді. Яғни: «Азаматтардың Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін өз деңгейінде түсіне алмаулары, олардың діни көзқарастарында қарама-қайшылықтар туғызып жататындығы жайлы, әйгілі ғалымдардың өмірлерінен дәлелдер келтіре отырып насихат айтты.
Кездесу соңында сотталған азаматтар өз алғыстарымен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...

Нысанаға дәл тигізгендер жеңіс тұғырынан көрінді

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Түркістан облысы...