Бүгінгі таңда жедел бөлімнің басым міндеті болып, мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіруінің алдын алу болып табылады. Мекеменің аумағына тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу және алдын алу мақсатында, ұдайы түрде жедел алдын-алу шаралары өткізіледі. Солай, ағымдағы жылдың шілде айында, жеде ақпаратты жүзеге асыру барысында, астаналық ҚАЖ Департаментіне қарасты #3 мекемесінің аумағына «гашиш» есірткі заты түріндегі, тыйым салынған затты кіргізудің алды алынды.
Сотталған Ж, толық тексеру кезінде, ішкі киімінің ішінде, денесіне жабыстырылған, спецификалық иісі бар, өсімдік тектес зат салынған, ақ бума табылып тәркіленді. Сотталған тәртіптік изоляторға қамалды. Сотталған Ж. сотталғандарды ұстаудың қатаң түріне ауыстырылып, сотталғанның кейбір құқықтарының шектелуіне әкеледі.
Сонымен қатар, қазіргі таңда сотталған Ж-ға қатысты ҚР ҚК 296 б. 2б. Байқоңыр аудандық ПБ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


