Сотталғандар арасында спорттық дода өтті

Түркістан облысының 5 жыл толуына орай «Спорт есірткіге қарсы» ұранмен кіші футболдан пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар арасында жарыс өтті.
Бұл бастаманы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Тұркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт алаңында пробация қызметі есебіндегі 30 жасқа дейінгі қырық сотталған азаматтан құралған 5 команда қатысты.
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғанғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген жарысқа 40 сотталған қатысты. Қатысушылар Отырар, Бекзат, Қазақ, Пробация, Аламан болып бес командаға бөлініп жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды «Бекзат» командасы алса, екінші, үшінші, орынды «Қазақ» мен «Отырар» командалары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сотталғандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, — деді Түіркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов..

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...