Сотталған әйелдер Астана күнін атап өтті

Алматы және Жетісу облыстарының ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде «Астана – елімнің жүрегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Астана күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама бас қаламыз Астананың құрылу тарихына шолу жасаудан басталды.
Сахна төрінде әрбір қазақстандықтың жүрегін тербер «Атамекен», «Здравствуй столица», «Астаная моя любовь» әндері шырқалып, жазасын өтеп жатқан әйелдер отанға деген сүйәспеншілігін өлеңмен жеткізді.

Іс-шара мекемеде орналасқан «Бишілер студиясының» қыздары орындаған ұлттық бимен жалғасын тапты.

Сондай-ақ көрермендер назарына еліміздің қазіргі заманауи астанасы көрінісінен виртуалды саяхат ұсынылып, әсем қаламыздың ең көрікті жерлері таныстырылды.
Концерттік бағдарлама соңында бүгінде астананың әнұранына айналған «Елімнің жүрегі — Астана» әні орындалды.

Сонымен қатар, алдағы мерекелік күндері спорттық ойындардан жарыстар және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...