12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл – халықтың діңгегі

Тіл ‑ халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл ‑ қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл ‑ халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ‑ ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім ‑ қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі ‑ халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына»,-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл ‑ ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы ‑ оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі ‑ оның бақыты мен тірегі. Менің ана тілім ‑ шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер — сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. 

Сот саласында тілге қатысты мерекелік шаралар, газетке мақалалар, жарыс-сайыстар өткізіліп отырады. Қазақ тілінде қанша іс қаралғандығы жөнінде статискалық есептің бағаналарына енгізіліп, есебі алынып отырады. Соңғы уақытта істердің басым көпшілігі қазақ тілінде түсіп отыр. Басқа мекемелермен хат алмасуда қазақ тілінде жүргізіледі. Арнайы қазақ тілін терең меңгеру курстары, семинар сабақтар өткізіліп отырады. Менің ойымша осының өзіде қазақ тіліне деген үлкен мән берушілік деп түсінемін.

Тіл ‑ ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,‑ деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр.

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам‑ жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі — ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау ‑арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам‑ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу‑саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол ‑ туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз.

Бүгінгі күні сот өндірісіне келіп түскен қылмыстық істер бойынша қаралып аяқталған 21 істің барлығыда қазақ тілінден қаралған. Азаматтық істер бойынша аяқталған 176 азаматтық істердің 125 қазақ тілінде қаралған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша қаралып аяқталған 368 әкімшілік істердің 328 ісі қазақ тілінде қаралған. Сонымен қатар жыл сайын осы мемлекеттік тілде барлығы қанша құжат тіркелгендігі жөнінде де есеп тапсырып отырамыз.

Менің елім ‑ көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны — бәріміз үшін мақтаныш.

Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі‑ қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз — бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.

Әрбір адам баласы өз тілін құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар өзге тілдіде құрметтеуге, жәнеде оны білген артық етпейді. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

Салтанат Мусина,

                                                      Атырау облысы

Құрманғазы аудандық соты

әкімшісінің басшысы

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу...

Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

✍🏻 ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын...

Сауран ауданында полицейлерге маңызды жиын өтті

Сауран ауданының полицейлерімен Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан...

Профилактика: Жол апатын болдырмау тиісті сала қызметкерлері назарында

Полиция департаментінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы...

Е.ЯВРОВА: «ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН»

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...