Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері Құрбан айтта қайырымдылық жасады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №49 мекеме басшылығының бастамасымен және жеке құрамының қолдауымен Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акцияға мекеме басшылығы және қызметкерлері белсенді қатысты.

Алматы облысының Заречный ауылының әкімдігінен көмекке мұқтаж Отбасы тізімдерін алып, мекеме ұжымы қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты.

Өз алдына, акция аясында көмек алған Отбасылар мекеме ұжымына алғыстарын білдірді.

«Құрбан айт кезінде қайырымдылық акциясы біздің мекемеде жыл сайынғы дәстүрге айналды. Акция барысында, мекеме қызметкерлері қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосып, мұқтаж Отбасыларын қуантты»,- деп атап өтті №49 мекеме бастығы Марат Бостукбаев.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...