12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

Яғни елімізде сөз бостандығы, ой еркіндігімен бірге адамдардың заңды құқықтары да қорғалған. Барлық іс-әрекет белгілі бір заңға, тәртіпке бағынады. Ал оны іске асыратын арнайы органдар бар. Осы ретте мемлекет елімізде заң үстемдігін күшейтуге, әділеттікті бекемдеуге барынша күш салуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет екенін атап өтті.

Түркістан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Келес аудандары бойынша мемлекет мүддесіне сот актілерін орындау жөніндегі жұмыстар «Түркістан облысы Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі-филиалы мемлекеттік мекемесінің» құзыретіне жатады.

 Аталған мекемеде 3 мемлекеттік сот орындаушысы және келісім-шарт негізінде 3 инспектор қызмет атқарады.

Мемлекеттік сот орындаушыларының ерекше құзыретіне Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 138 бабының талабына сәйкес,

1) мемлекеттен өндіріп алу;

2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;

4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындау жатады.

Бұдан бөлек, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары бойынша 19 жеке сот орындаушысы қызмет атқарады. Олардың құзыретіне жоғарыда көрсетілген санаттардан басқа атқарушылық құжаттарды орындау кіреді. Жеке сот орындаушысы да мемлекеттік сот орындаушысы секілді «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс атқарады. Ерекшелігі жоғарыда көрсетілгендей жұмыс атқаратын санаттары бөлек және жұмысына ақы алу тәртібінде. Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекет есебінен жалақы алып жұмыс істесе, жеке сот орындаушысы борышкердің есебінен еңбегіне ақы алады.

Сот орындаушылары Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды, қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңына сәйкес борышкерлердің банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салады. Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, жергілікті соттармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Және де өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1. Мемлекеттік сот орындаушысы мемлекеттік қызметші болып табылады;

2. Мемлекеттік сот орындаушысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3. Мемлекеттік сот орындаушыларының сандық құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар келесідей:

— Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жоғары заңгерлік білімі бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиеттерімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті адам мемлекеттік сот орындаушысы болып тағайындалуы мүмкін;

— Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне мемлекеттік сот орындаушысы қызметіне тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды;

— Мемлекеттік сот орындаушыларына сәйкестендіру карталары беріледі, олар үлгілерін уәкілетті орган бекітетін нысанды киіммен (погонсыз), жетонмен және эмблемамен қамтамасыз етіледі;

— Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік сот орындаушысының өзiне жүктелген мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мемлекеттік сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Аумақтық бөлімнің басшысы — аға сот орындаушысы:

1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;

2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;

3) сот орындаушыларының әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;

4) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

5) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді жасайды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттердi жасайды.

Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сот орындаушылары қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқылы.

Ал «Түркістан облысы Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі-филиалы мемлекеттік мекемесінің» статистикалық мәліметтерге келсек, жыл басынан 1 736 307 964 теңгені құрайтын 96 құжат орындауда болған.

Оның ішінде жалпы аяқталғаны 68 330 014 теңгені құрайтын — 72 құжат. Қалдықта 1 667 988 347 теңгені құрайтын 24 құжат орындалу барысында.

Мемлекет пайдасына сомма өндіру бойынша 2022 жылдан 2023 жылға қалдық болып қалған құжаттармен қоса орындауда 84 647 893 тенгені құрайтын 30 құжат орындауда болып, оның ішінен жалпы 34 591 202 теңгені құрайтын — 20 құжат аяқталған, ал 38 072 634 тенгені құрайтын 10 атқару құжаты орындалу барысында.

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік сот орындаушылардың орындауында атқару құжаты болмаған, себебі бұл санат жеке сот орындаушылардың орындауына жатады.

Заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы 8 атқару құжаты орындауға келіп түсіп, 6 атқарушылық құжат аяқталған, ал 2 атқару құжаты орындалу барысында.

Үйден шығару бойынша 3 атқару құжаты, еңбек жалақы өндіру бойынша 1 523 394 теңге құрайтын — 3 құжат болған. Оның барлығы толығымен орындалып аяқталған.

Жыл басынан 40 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, электронды сауда — саттық алаңына борышкерлердің  22 мүлкі қойылып, 2 мүліктен өндіріп алу шаралары қабылданған.

Сот орындаушылардың атқарушылық өндірістерді орындау барысындағы пробламаларының бірі орындау мерзімінің созылып кетуі.

Нақтылап айтсақ, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 39 бабының талабына сәйкес, мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгіленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтындай мерзімде аяқталуға тиіс.

Алайда сот орындаушысы заңда белгіленген атқарушылық әрекеттермен ғана шектеледі, кейде бұл әрекеттер атқарушылық өндірісті өз уақытында аяқтауға мүмкіндік бермейді, сол себептен орындау мерзімі бұзылатын жағдайлар көптеп орын алады.

Түркістан облысы Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы – аға сот орындаушысы,

Құқық магистрі

Н.З.Жармаханбет

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...