№11 мекеме еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлер жазасын өтейтін жалғыз оқшаулау орыны. Қазіргі уақытта мекемесінде 45 сотталған жазасын өтейді. Жазасын өтеушілер бос уақытында мекеме кітапханасында өздеріне керекті ақпарат алады.
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Жазасын өтеушілер бос уақытында осы жерден өздеріне керекті ақпарат алады, көркем шығармалар оқиды. Ал бұл аяғын жаза басқан жеткіншектер үшін аса қажет екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда мекеме кітапханасының қорында барлығы 3521 кітап бар. Оның 1200-і қазақ тілінде, ал 2321-ы орысша. 5 электронды планшет-кітап бар. Мұнда әдеби кітаптар, фантастикалық, детектив шығармалар, шетелдік классика, психологиялық жанрда жазылған туындылар көп. Сондай-ақ, кітапхана сөресінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен 65 діни кітап бар. Осы орайда айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар- дың құқығын қорғау комитетінің өкілдері кітапханаға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында былтыр 43 кітап сыйлаған. Жуырда колония кітапханасы тағы да жаңа кітаптар- мен толықты. Жеке тұлға мекемеге психологиялық және әдеби жанрда 48 кітап сыйға тарту етті.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


