ШҚО да мекеме қызметкерлері ішкі істер ардагерлерін құттықтады

23 маусым жылда Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі .Ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді.

Бұл кәсіби мереке 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңмен тығыз байланысты. Заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады. 2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды Полиция күні деп бекітті. Қазақстан Полициясы күні — полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлерінің еңбектерін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз. Осы орайда ШҚО бойынша ҚАЖД №73 мекемесінің жас қызметкерлері мекемеде қызмет еткен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап қайтты. Жас қызметкерлердің аға буын зейнеткерлерден үйренетіні көп деп білеміз. Олардың еңбек жолдары келешек ұрпаққа үлгі.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...