«Зерентай» лагерінде кездесу ұйымдастырылды

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Зерентай» балалар сауықтыру лагерінің демалушыларымен кездесу ұйымдастырып, онда жасөспірімдермен есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейресми жағдайда қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, полицейлер балаларға қызметтік иттердің қалай есірткі табатынын, қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті.
Жазғы кезеңде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Есірткімен күресушілердің басты мақсаты-өскелең ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.
Балалармен «спайс» шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіге баулу үшін жасайтын әрекеттірі туралы әңгіме жүргізілді.
«Зерентай» лагерінің балалары, педагогикалық құрамының көмегімен «Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында асфальтқа, қағазға сурет салу, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен флешмоб, сондай-ақ театр миниатюраларын көрсетті.
Балалар алынған ақпараттан және қызметтік иттердің жұмысын көріп, үлкен әсерде болды.
Кездесу соңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысқаны үшін сыйлықтар табыстады.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...