12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елге қызмет – қоғамға көмек!

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелерінің маңыздылығы артып, халықаралық деңгейде басым бағыттардың бірі ретінде анықталып келеді.

Мемлекеттік қызметті атқару ол қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшіге Заңға сәйкес өзінің лауазымдық қызметімен тығыз байланысты, сонымен қатар мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін қозғайтын ерекше міндеттер жүктеледі. Дегенмен, мемлекеттік қызметші азаматтық қоғамның құрылуы мен қалыптасу процестеріне жеке тұлға ретінде де қатысып, қоғамның бір бөлігі, яғни еліміздің азаматы болып қала береді. 

Сондықтан атап өтілген ерекшелікке байланысты мемлекеттік қызметшілердің қызметін құқықтық реттеуде, кәсіби әдеп нормаларының сақталуы мен оның бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімділігіне әсерін анықтайтын моральдық реттеу негізгі мәселе мен маңызды тетік болып табылатынын ескерген жөн.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы аясында кәсіби әдеп дамудың жаңа серпінін алды, себебі ол мемлекеттік қызметте әртүрлі сипаттағы және деңгейдегі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін, әртүрлі кәсіптегі адамдарды біріктіреді. Қызметтің бұл түрі қоғаммен тұрақты байланыста болуды көздейді, себебі бұл өз кезегінде қызмет атқару барысында әдеп ережелері мен мінез-құлық нормаларына белсенді түрде жүгінуге алып келеді.

 Қоғам тарапынан білдірген сенім мен құрметті сақтау және нығайту мақсатында, әрбір мемлекеттік қызметші жеке жауапкершілік шеңберінде өзінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары мінез-құлық стандарттарының талаптарын сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасы

Сот әкімшілігінің

Жамбыл облысы бойынша

Департаменті басшысының орынбасары 

Г.Турдыева

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...

СОТ ҚҰЖАТТАРЫНА АПОСТИЛЬ ҚОЮ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...