Алматыда полицейлердің балалары шахматтан өзара бақ сынасты

Құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арасында өткен ірі көлемді республикалық шахмат ойынын бүгін олардың балалары жалғастырды.

Полиция қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылған шахматтан балалар турнирі Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр. Онда ішкі істер органдары қызметкерлерінің 20-ға жуық баласы қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы ІІМ Алматы академиясы Ішкі істер министрлігінің, Шахмат Федерациясы және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың қолдау көрсетуімен өткізген.

«Бұл шараны өткізе отырып, біз шахматтың адам өміріндегі маңызды рөлін, адамның жас мөлшеріне қарамай, қаншалықты қажет екенін көрсеткіміз келді, әсіресе, балаға жақсы қасиеттерді, ақыл-ой, парасатты жастайынан сіңдіре білгеніміз дұрыс. Ең бастысы – балалар осындай ойын, жарыстардың көмегімен қоғамдық өмірге белсене араласып, бұл арқылы өмірдегі басқа да жеңістерге қол жеткізуге итермелейді. Қатысушылардың көбі шахматтан хабары бар жеткіншектер болып шықты, бірақ шахматты ойнай білмейтін кішкентай балалар да болды, оларға біз ойынның қыр-сырларын ашып түсіндіріп бердік. Зерек балалар бірден ойынға кірісіп те кетті. Барлық балалардың еңбектері еленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды», — деп атап өтті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жаннат Дильбарханова.

Аталмыш турнир ағымдағы жылдың 12 мен 15 маусым аралығында Ішкі істер Министрлігінің кубогына құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында өткен 1-республикалық шахмат турнирінің жалғасы ретінде өткізілді.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...