Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар өздерінін талабына сәйкес келетін жұмыс орындармен сұхбаттасу жүргізіп,әрі қарай жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар тізімін алды.
Сотталғандардың жұмысқа орналасуын әрі қарай пробация қызметінің инспекторлары қадағалауға алады.


