Жекеқұрамға патриоттық тәрбие берілді

Еңсесі биік, Тәуелсіз ел жастарының патриоттық сезімдері жоғары болуы тиіс. Ал №68 мемлекеттік мекемесінде жекеқұрамының сексен пайызы жастар болып табылады.

Сондықтан, кадр саясат тобы жеке құрам бойында батыл, ержүрек және сенімді келбетін дамыту яғни, патриоттық тәрбие беру мақсатында үздіксіз жұмыс атқарып келеді .

Осы орайда 4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне байланысты жекеқұрамға «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында хроникалық-деректі фильм көрсетілді.

Бүгінгі фильімнен жекеқұрам Тәуелсіздік тарихы мен оның нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұранның мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екендігі жайлы көріп білді.

Патриотизм құрдан-құр, жалаң орында туындамайды. Осындай фильмдерді көру арқылы жас қызметкерлеріміздің бойында Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға деген сезімі артады- дейді,кадр саясат тобының аға инспекторы,әділет лейтенанты Ж.Дәулетиярова.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...