Сот шешімі — судья жұмысының түпкі нәтижесі

Сот — мемлекет атынан үкім шығаратын мәртебелі орган. Судьяның шығарған қаулысы, шешімі мен үкімінің сапасына қарап сот жұмысына баға беріледі. Сонымен қатар, халықтың сот қызметіне байланысты пікірі, сын-реніші жинала келе мемлекеттегі әділдікке, төрелікке қатысты жиынтық көзқарас қалыптасады.

Сондықтан сот жұмысына, судья қызметіне қатысты талап пен жауаптылық бір мысқал да төмендеген емес. Бүгінгі күнге дейін қолға алынған реформалар бойынша сот жұмысын жүйелеуге, сот мәртебесі мен тәуелсіздігін нығайтуға, судьяларға көрсетілетін ықпалды жойып, жүктемені азайтуға қолымыз жетті. Осы бастамалардың қай-қайсысы да қарапайым халықтың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғауға бағытталған. Себебі, кез келген мемлекеттегі кез келген реформа халық игілігіне қызмет етіп, азаматтардың құқығын қорғаудың кепілі болуы тиіс. Мысалы, Жоғарғы Соттың бастамасымен қазір судьялар өз шешімін түсіндіруге міндеттелді. Арнайы заңға өзгеріс енгізіліп, сот шешімдерін дайындаудың үлгісі қалыптасты. Әріптестерге бағдар болуы үшін республикалағы ең сауатты, ең түсінікті, аса мұқият жазылған үкім, шешімдер топтастырылып, жинақ етіп шығарылды. Бұл қазылардың қателеспеуіне, біліктілігін шыңдауына үлкен сабақ.
Жалпы, сот шешімі — судья жұмысының ең түпкі нәтижесі. Осы маңызды құжатта судьяның сот ісіне қатысты атқарған бүкіл еңбегі көрініп тұрады. Енді сот шешімін шығарғандағы судья жұмысы тек сала мамандарына ғаеа емес, қарапайым азаматтарға да түсінікті болды. Өйткені, судья өзі шығарған сот актісінде тараптарға мұндай шешімді не себепті, қандай заңға, қандай құжатқа, дәлел-дәйекке сүйене отырып шығарғанын қарапайым тілмен түсіндіре білуі керек. Сот шешімін қолына алған тараптарда ешқандай басы артық сұрақ, күмән-күдік туындамауы тиіс. Егер сауал болса, судья өз шешімін түсіндірген соң тараптарға жауап беріп, ешқандай түйткіл қалдырмауы маңызды.
Сөздің құдыреті күшті. Ақылмен айтылған сөзге тоқтамайтын тарап жоқ. Содан болар, соңғы жылдары жоғары сатыларға шағым аз. Судьяның шешімін түсінбедік деп арызданатындар қатары да сиреді. Осының өзі сот саласындағы бастамалардың қоғам көңілінен шығып жатқанын дәлелдейді.

Жанель Нурсеитова,
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы

ОТ ОТЦА К ДОЧЕРИ: ДИНАСТИЯ МАКАШЕВЫХ

В истории судебной системы Казахстана особое место занимают люди,...

«Алакөл алаулары – 2026» 

Ключевым событием открытия туристического сезона на побережье озера Алаколь...

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...