«Профилактикалық есеп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 15 мен 25 аралығында  «Подучетник» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Медеу аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу бойынша пробация қызметі мен ішкі істер органының өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін сайланған тұрғылықты жеріне келмеген адамдардың тұрған жерін белгілеу, сондай-ақ ІІО және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде жұмысты белсенді ұйымдастырылуда. Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға  байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады.

Қазіргі таңда Медеу  аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес 243 сотталған жазасын өтеуде. Оның ішінде 169 адам бас бостандығын шектеу жазасына сотталған, 27 тұлғаға шартты түрде сынақ мерзімі берілген, 5 адам жазасын өтеу кейінге қалдыруға сотталған. Шараның өту барысында  сотпен жүктелген міндеттерін орындамаған есепте тұрған тұлғаларға  қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулер берілді, террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстары үшін сотталғандарға қатысты адамдарды бақылауды күшейтілді. Сотталғандармен толық профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп жатыр, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді.  Мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде ЖАО-ға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік-еңбек көмегін көрсету бойынша хаттар жолданды. Сотпен жүктелген міндеттерді өрескел бұзғаны үшін -1 сотталғанға қатысты ескерту жарияланды.   

Жалпы, осы жоғарыда аталған жедел іс-шараның негізгі мақсаты есепте тұрған сотталғандарды қатаң бақылауға алып, қайта қылмыс жасауына жол бермей, сотталғандарды оң жолға бағыттайды.

Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметі

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...