Шығыс Қазақстан Облысы Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері автоматтандырылған бірыңғай жүйелік «Бүркіт» базасын пробация қызметімен бірлесіп күнделікті жұмыс бабында қолдануда.
Пробация қызметінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері түрме қызметкерлеріне бірыңғай автоматтандырылған жүйе «Бүркіт » базасын пайдалану бойынша консультациялық сабақ жүргізді. Сабақ мекеме қызметкерлерінің аталған базаға жауапты қызметкерлерінің қатысуымен болды.
«Бәрімізге мәлім, «бүркіт» ақпараттық бірыңғай жүйесі елдің заңнамасына сәйкес шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуін және кетуін ,онда болуын және оларға қатысты заңды шектеулері бар,жекелеген санаттары, яғни Қазақстан Республикасының заңы алдында жауапты,шектеу жазасы тағайындалған және де шартты түрде босатылған сотталған азаматтардың шығуын бақылау жөніндегі бірыңғай біріздендірілген ақпараттық жүйе болып табылады,сондықтан бүркіт базасы Қылмыстық атқару жүйесі пенитенциарлық жүйесінің түзеу мекемелерінің жауаптылығына беріліп, енді мекемеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталған азаматтармен,мерзімі аяқталуы бойынша босатылатындарға әкімшілік қадағалау белгіленуі бойынша деректерді енгізу,мекеменің тиісті қызметкерлеріне жүктеледі»-деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет лейтенанты Каим Ожиканов.


