Ақтөбеде қоныс колониясынан жазасын өтеп шыққан азаматшамен «Қақпа алдында кездесті»

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесінде жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен бостандыққа шыққан сотталған азаматшаны әлеуметтік қолдау үшін «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Нұрбол Болатұлы іс- шарада бостандыққа шығып жатырған азаматшамен кездесiп, оның қоғамға бейімделіп кетуі үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен әлеуметтік көмек түрлерін түсіндірді. Одан бөлек, сотталған азаматшаны жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз гранттар мен шағын несие алу және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар, бостандыққа шыққан азаматшаға жұмысқа орналасу және кәсіптік оқуға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі «Жұмыспен қамту» орталықтарына жолығуға болатындығы түсіндірілді.

Жұмыспен қамту орталығының маманы сондай- ақ, азаматтардың мекемеден босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін де айтты. Сол секілді «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар, яғни ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайынғы ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен таныстырды.
Ал кездесу соңында сотталған азаматшаны тұрақты жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік көмек түрлері бойынша жеке кабылдап, барлық сұрақтарына жауап берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...