ҚАЖ қызметкері — жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосуда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Режим тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Наурызбаев Бақыт Абибуллаұлы оқытушылық қызметті өз қызметімен қатар алып жүрген білімді де білікті маман. Ол ішкі істер саласында 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Оның ішінде ҚАЖ саласында 10 жылға жуық басшылық қызметтерде, оның ішінде департаменттің бірнеше қызмет салаларында, қалалық пробация қызметінде басшылық қызметтерді және мекеме бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Қызмет атқару барысында ол 2018-2020 жылдары аралығында «ғылыми-педагогикалық бағыты» бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын тәмамдап, заң ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды. Білімі мен біліктілігін ұштастырған әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаев Қызылорда Ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде аға оқытушы, ол құқықтану мамандығындағы шәкірттерге заман талабына сай білім сондай-ақ тәжірибемен ұштасқан оңтайлы қызмет етуді, жалпы әлем өркениетінің жаңалығын еркін біліп, еркін игере де, қолдана алатын жас ұрпақты Ішкі істер органдарының болашақ мамандарын — тәрбиелеуде.
17.04.-20.04.2023 ж. Қызылорда Ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде «Білім беру жүйесіндегі заманауи ғылым мен инновацияны дамыту: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің ведомствалық академиялары, Өзбекстан Республикасы ғалымдары қатысып, ғылым саласының түйткілді мәселелерін ортаға салды.
Іс-шараны отставкадағы полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, СССР және ҚР ІІМ-нің құрметті қызметкері Бижигитов О–Р Байкенженович ашып, құқық қорғау саласы бойынша өзінің көрегендік ойлары мен ғылымның дамуы жолындағы бағыттары бойынша сөз сөйлеп қатысушаларға бағыт-бағдар жолданды.
Осы конференцияда заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бақыт Абибуллаұлы «Қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласымен таныстырды.

«Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған жас ұрпақтың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, тәжірбиемен ғылымды ұштастырған кезде жоғары нәтижеге жетеміз»,- дейді әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...