Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде 2023 жылдың наурыз айының қорытындысымен сотталғандардың жұмыспен қамтылу есебі бойынша барлығы 236 сотталған азамат ақылы жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жұмыспен қамтылған сотталғандардың санын арттыру мақсатында жаңа жұмыс көздерін ашу мен кәсіпкерлік субьектілерге қосымша сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағыты жоспарлануда.
Осыған орай мекемедегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалиев өз сөзінде кәсіпкерлер тарапынан мекеменің өндірістік аймағындағы жұмыс обьектілеріндегі әр түрлі өнімдер мен бұйымдарды жасап шығаруға арналған техникалық құрал-жабдықтардың жоғалып кетпеуін, мекеме әкімшілігімен бірлесе отырып ұйымдастыру, өндірістік аймақта орналасқан ғимараттарда өрт техникалық жағдайын қамтамасыз ету, сотталғандарды арнайы жұмыс киіммен қамту, жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздікті және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау өз деңгейінде жүргізілуін қолға алуды тапсырды. Сотталғандардың айлық жалақыларын кешіктірмей, мекеменің депозиттік шотына уақытылы аударылуы, жарналарының заңға сәйкестігі қадағалануда. Есеп беру кезінде ашық алаңда жұмыс жасайтын сотталғандарды арнайы киіммен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды.
Қорытындылай келе жоғарыда көрсетілген мәселелерді бірлескен түрде ұйымдастырып, жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі баса айтылды.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...