2023 жылы сәуір айының 19 -жұлдызында «Рахым» әлеуметтік қорының бастамасымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Медеу аудандық пробация қызметінің бірігіп проциялық есепте тұрған жасөспірімдерді түзу жолға бағыттау мәселелерін қарастыру бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында, мынадай мәселерге тоқталып өтті:- Қоғамға қайта бейімдеу мәселесі — өзекті мәселе болып табылады, оны шешу тек құқық қорғау органдарына ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да орталық мемлекеттік органдарға байланысты, аталған ұйымдардың қолдауымен біз, атап айтқанда, Медеу өңірінде түрмеден босатылған және пробация қызметінде тіркелген сотталған тұлғаларды қайта қоғамға бейімдеу бойынша барлық құрылымдардың күш-жігерін күшейтуге бағытталған қосымша шаралар кешенін әзірлеп, енгізе аламыз деп сенемін. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану аясының кеңеюі бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар санының айтарлықтай азаюына әсер етті. Яғни Сотталған адам түрмеден босатылып шықаннан кейін әлеуметтік байланыстарынан айырылады, әлеуметтену дағдысын жоғалтады және өзін-өзі бағалауға ие болады. Сонымен қатар, қоғамның өзі алғашқы сотталушыларды қабылдауға дайын емес. Мұның бәрі қылмыстың қайталану қаупіне әкеледі. Мұндай жағдайда қайта әлеуметтену маңызды болады. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру — бұл салыстырмалы түрде жаңа бағыт, оған байланысты бақылау -қадағалау функцияларының орнына қосымша әлеуметтік -құқықтық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде сотталғандар түрмеден шыққаннан кейін оларға кең ауқымды әлеуметтік -құқықтық көмек көрсету-өзекті мәселе болып табылады, атап өткенде:
-Бұл жұмыспен қамту, уақытша болсада тұрғылықты жерін ұсыну, медициналық қызмет көрсету, кәсіпті меңгеру, психологиялық қолдау, заңмен белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік жәрдемақыларды алу бойынша кеңес беру, адамның нақты қажеттіліктеріне негізделген отбасылық немесе басқа әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру мәселелері. Нәтижесінде аталған іс-шараларды іске асырған жағдайда қылмыстың қайталануын азайтатыны сөзсіз. Талдау көрсеткендей, есепте тұрған тұлғалардың жаңа қылмыс жасауының негізгі себептерінің бірі — олардың жұмыс істеуге құлықсыздығы болды, негізінен, қайта қылмысты жұмыссыз, ортаға беймелеалмаған тұлғалар жасайды. Ал ұсынылатын жұмыстарға сотталғандардың бармайтындығы, ол бірінші себебі- төмен жалақы, соның нәтижесінде жеңіл табыс табуға деген ұмтылысқа және тәуелділікке байланысты. Әдетте, есепке алынатын адамдардың кәсіби деңгейі жеткіліксіз, жұмысқа деген ынтасы төмен, мінез -құлыққа бейімділігі мен еңбек тәртібін бұзуы болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, осы көмек саласында, атап айтқанда, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруде (ХҚО -да сұралатын құжаттардың тізімін жеңілдету тұрғысынан), тұрғылықты жері бойынша тіркеуге көмек көрсету мәселелері, сондай ақ, мүгедектікті тіркеуге құжаттарды тапсыру, Медеу аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға заңгерлік қызмет көрсету қажет, атап айтқанда, заң көмегін көрсету, психологтарды тарта отырып, сотталғандардың психологиялық портретін құрастыру мақсатында тренингтер ұйымдастыру қажет екендігін өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Медеу аудандық пробация қызметі


