СҚО бойынша ҚАЖД бірінші тоқсандағы жұмысты қорытындылады

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы қаралды. Кеңеске Департамент,  ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығы, жеке құрам, қызмет басшылары қатысты.

Кеңес барысында Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша қойылған міндеттер мен талаптар туралы нұсқауын жеткізді, СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары шығарылды, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы шолуы қаралды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жеке құрам арасында оң моральдық-психологиялық ахуал байқалуда. Ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірушілердің саны 42% — ға өсуі, сондай-ақ қызметкерлердің айналымының 20% — ға төмендеуі байқалады. Өзге құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде ашылған қылмыстар санының өсуі байқалады және 108-ді құрайды.

Ммекемелерді соқыр аймақтарсыз үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз етудің маңыздылығына және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аударылды.

Департамент басшысы қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, сондай-ақ арнайы контингентпен ғана емес, сонымен қатар пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғалармен де құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Жедел кеңесті қорытындылай келе алдағы тоқсанда ерекше назар аударуды талап ететін бағыттар мен міндеттер белгіленді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...