Ойын терепиясы сотталғандарға сергектік сыйлады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТЖБ-нің аға психологы А. Мырзалының ұйымдастыруымен мекемеге Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы шақыртылып, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында«ойын терапиясы» тренингі өткізілді.

Тренинг барысында алдымен сотталғандармен жақсы-қарым –қатынас орнату үшін, жұмыс атмосферасын тудыру мақсатында «Менің есімім…» танысу ойыны ойнатылды.

Ойын шарты бойынша, әр сотталған өзінің есімін атап,бойындағы жақсы қасиеттерін атап көрсетті. Бірі мен сабырлымын десе, енді бірі өзінің көпшіл, мейірімді жан екендігін айтты.

Тіптен бұл жасақтағылар ойын барысында бір-бірін мақтап, көтермелеп, ерекше қасиеттерін санамалап жеткізді. Бұл олардың бойында өз-өздеріне деген сенімділігін арттырды.

Ал екінші « Жемістер» жинау ойнынының шарты бойынша, топ атынан шыққан жазасын өтеуші екі азамат көздері байлаулы күйде дөңгелек жемістерді неғұрлым көбірек жинау үшін сезімталдық түйсігін іске қосып, жылдамдылықтарын танытты.

Әрине, бұл жерде әр топ өз құрамынан шыққан азаматқа жанкүйер болып, бағыттап түрды.

Нәтижиесінде, көбірек «жеміс» жинаған епті, шапшаң қимылдайтын С.есімді азаматтың ұйымшыл тобы жеңіске жетті.

Сол сияқты «Құбыр» деп аталатын ойын барысында да, жазасын өтеушілер бірлесе, ақылдаса отырып, қағаздан құбыр жасап, құбырдан ұңғымаға дейін «су» ағыза білді.

Нәтижиесінде, бірлесе жұмыс жасай отырып, айласындағылармен жақсы қарым- қатынас орнатуға машықтанды. Әрі өзгелердің қызығушылығымен санасуға үйренді. Бүгінгі «ойын терапиясы» біздерге қатты ұнады. Бәріміздің басымызды біріктіріп, сергектік сыйлады.

Әртүрлі іс-әрекеттерге түсіп, дене қимылдарын жасадық. Бір үйдің балаларындай жақын, жылы аураны сезіндік. Көңліміз көтеріліп қалды. Бұл үшін капитан Айзат Мырзалыға және келген қонаққа да ерекше алғысымызды білдіреміз.

Осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрса деген ұсынысымызды білдіреміз — деді, қам көңіл қамаудағылардың атынан сөйлеген Ш. есімді ҚК-нің 188-бабының 1, 3 – бөліктері бойынша қылмыс жасап, 5 жылға бас бостандығынан айрылған азамат.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...