Еркіндіктің қадірін білмей қайта сотталды

Абай облысында есімі жасырын азамат бұрын соңды (бір бас қой малын жалғыз өзі ұрлағаны үшін) ҚР ҚК-нің бабына сәйкес мал ұрлығымен 5 жыл мерзімге сотталып, түзеу мекемесінен жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауысуына байланысты пробациялық бақылау белгіленген. Бұл есімі жасырын тұлға Абай облысы бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі есебіне 2022 жылы алынған. Осы есепке алынған уақытынан бері алты ай шамасында өзіне берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмай соттың қойған талап міндеттеріне құлақ аспай пробация қызметінің заңды талаптарына бағынбай бостандықтың қадірін білмей екі рет ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 1 және 3 бөліктері бойынша әкімшілік жазаға тартылып, бір рет электронды бақылау құралын тағудан бас тартып, үш рет пробация қызметіне хабарлаусыз тұрғылықты мекен-жайында жұмыс орнында болу кестесін бұзғаны салдарынан ағымдағы жылдың сәуір айында, пробация қызметінің сотқа жолдаған ұсынымы сот отырысында қанағаттандырылып занға бағынбауына байланысты есімі жасырын азамат 2 жыл 6 ай мерзімге сот залынан қамауға алынды.

Қайталама қылмысқа жол бермеу негізінде, пробация қызметі профилактикалық алдын алу жұмыстары барысында, сот процесі ашық түрде өткізіліп, жаза басып пробация есебінде тұрған басқада азаматтар ашық сот отырысына қатыстырылды. 

Тарбағатай аудандық №2 ПҚ

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...