Солтүстік Қазақстан облысының сотталғандарына Пасха құрметіне тәттілер табысталды

Христиан күнтізбесіндегі ең маңызды оқиға-Пасха, өтпелі мереке: күні жылдан жылға өзгеріп отырады және күн мен ай күнтізбелеріне байланысты болады. Сонымен қатар, юлиан мен григориан күнтізбелерінің айырмашылығына байланысты православиелік және католиктік Пасха күндері әртүрлі.

Мерекенің нақты күнін анықтау үшін күрделі есептеу жүйесі қолданылады. Алайда, мереке көктемнің алғашқы толық айынан кейінгі келесі жексенбіде үнемі атап өтіледі.

Ағымдағы жылы Пасха мерекесі 16 сәуірге түсті. Жарқын мереке құрметіне СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №48,50,51,52,66 ведомстволық бағынысты мекемелеріне Иеродиакон С.Максимов барып қайтты.  Құттықтауында дін қызметкері сотталғандардың тезірек босатылуын тілеп, сондай-ақ орталық шіркеу дайындаған мерекелік тәтті нан мен пасхалық жұмыртқалар табыс етті. Өз кезегінде сотталғандар Иеродиаконға келгені және тәтілер үшін алғыстарын білдірді.

Діни-православие шіркеуінің өкілдерімен осындай кездесулер мекемелерде тұрақты негізде өтетінін атап кеткен жөн.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...