Жеке құрам туған өлке тарихын танып білді

Бүгін — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осы құнды мерекеге орай, Қылмыстық атқару саласының ҚАЖ департаментіне қарасты Қызылорда облысы бойынша №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрам қызметкерлеріне «Туған өлке тарихын танып білейік» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Ұйымдастырылған іс-шара аясында Қызылорда облыстық С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының меңгерушісі К Ахметова мен экскурсовод А.Тасенова арнайы шақыртылып, жас қызметкерлерге галлерея қорындағы 10 картина көрсетілді.

Бұл құнды дүниелерді таныстырған экскурсовод А.Тасенова: Бүгін сіздерге, 2017-2019 жж аралығындағы Халықаралық республикалық симфозиум нәтижиесіндегі салынған көркем туындылардан жинақталған жылжымалы көрмені әкеліп отырмыз.

Көрмедегі шығармаларда жергілікті қылқалам шебері Т.Сағынбаевтің «Ақмешіт бекінісінің бұрынғы көрінісі» Р. Шегебаевтің «Қорқыт Ата ескерткіші» және бұдан басқа да Қызылорда облысының тарихи орындары мен қаланың көрікті жерлерінің көріністері бейнеленген. Көрмеге қойылған туындылардың барлығы кенепке майлы бояумен салынған 70х90, 60х80 өлшеміндегі картиналар — дей келіп, әр шығарманың авторларын атап, салынған тарихи ескерткіш жайында айтып берді.

Бұл іс-шара жеке құрам қызметкерлерінің танымдық көкжиегін дамыту, тарихи ескерткіштерге құрметпен қарап, патриоттық, ұлтжандылық, жігерлік сезімдерін нығайту мақатында ұйымдастырылды.

Көрмені тамашалаған қызметкерлер өз тараптарынан сұрақтарын қойып, ел тарихына деген қызығушылығын танытты.

Іс-шара барысында погондағылар туған өлкесіндегі тарихи ескерткіштерді тереңірек танып, білді. Әрі, тергеу изоляторының күнделікті қарбалас жұмыстарынан бір уақыт алшақтап, пайдалы мағлұмат алды.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...