Қызылорда облысының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде оқу-жаттығу өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жоспарға сәйкес, арнайы оқу жаттығу кешені өтті. Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ жоспарға сәйкес әрекет ету дайындығы тексерілді. «Жаза өтеуден жалтару және бой тасалау дерегі» бойынша өткізілген оқу-жаттығуға Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Жол патрульдік полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет орталығы, мекеме қызметкерлері атсалысты. Оқу –жаттығу барысында сотталған азаматтың мекемеден бой тасалаған жағдайда бастапқы ден қою алгоритмдері іс жүзінде жүргізілді.

Бұл оқу-жаттығу кешені мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті. Жаттығу аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, мекеме басшылығы тарапынан тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді,- деп атап өтті мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мамбетов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...