Оқшауланған аймақта ұсталынатын сотталғандарға ауызашар себеті берілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мекемесінде экстремизм — тероризм баптары бойынша қамауда отырған 16 азаматқа бір күндік ораза пакеттері таратылды.

Мекеменің АКАӘПТЖБ — нің инспектор теологы, әділет аға лейтенанты Темірбек Сәулеттің ұымдастыруымен болған бұл азық- түлік себетін қаладағы Құдыс Ишан мешітінің бас имамы Бисен Мұстафа өз тарапынан дайындап әкелді.

Жинақталған пакет іші ыстық палау мен бауырсақ, талқан, қатық, су,құрма және жемістермен толықтырылған.

Ауызашар беруші бас имам мекеменің арнайы қызметкерлерімен бірге әр қапастағы ұсталынушы азаматпен жүзбе – жүз кездесіп, әкелінген тағамдарды қолма-қол үлестіріп берді. Және олармен қасиетті Рамазан айының шарапаты мен сауабы жөнінде әңгімелесті.

– Бұдан бұрын да, осында келіп, Рамазан айының ерекшеліктері мен ораза ұстау тәртібі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз.

Жалпы мекеменің тәрбие бөлімімен бірлесе отырып өткізілетін іс-шараларымыздың басты мақсаты: адасқан жандардың өз қателіктерін түсініп, дұрыс жолға түсуіне себепкер болу.

Сондай-ақ, айтылатын имани насихаттарымыз арқылы, олардың рухани иммунитетін көтеру болып табылады – деді, рухани ордадан келген бас имам.

Ал, тағамдарды алған сотталғандар келген имамға алғысын білдіріп, бекіткен оразаларынан мол сауап күтетінін айтты.

Ораза ұстаған жанға ауыз аштыру – сауапты істің бірі. Имамның қайырымды ісі үшін алла разы болсын.

Өзім оразаны қамауға түскелі, үшінші жыл ұстап келемін. Әркүн ауыз бекіткен сайын жасаған қылмысыма өкініп, алладан қайырын тілеймін.

Күні бойы камера ішінде жүріп, өткенімді саралап, қателігімді түсініп, көп ойланамын. Ораза адамды сабырлыққа үйретеді екен. Бойымдағы құмарлық пен нәпсімді тежеуді үйренедім.

Ал бұл күнәларымның кешірілуіне және шайтанға қарсы тұра білуге себеп болатынына сенімдімін.

Ораза ұстағандықтан Алладан үмітім зор- деді, ҚР ҚК- ( 257-бап, 2-бөлігі, 256 б-2 бөлігі, 255 баптың 2-бөлігі бойынша ) 7жылға бас бостандығынан айрылған азамат.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...