Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде жеке құрамның жазғы киім нысанына көшуіне орай жоспарлы саптық байқау ұйымдастырылды.
Жеке құрамды сапқа тұрғызған әділет капитаны Орынтай Дулатов, мекеме қызметкерлерінің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.
Аталған іс-шараның мақсаты — жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің жазғы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру болып көзделеді.
«Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, яғни жылына екі рет — көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді.
Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс»,- дейді №70 мекемесінің кадр саясаты бөлімнің кәсіби және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Орынтай Дулатов.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы


