Петропавл әйелдер колониясында мафия табылды

«№50 мекеменің» сотталған әйелдері арасында эмоционалды, танымдық және қызықты іс-шара өткізілді.     

Сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Мафия» командалық психологиялық ойынын өткізді, оны 1986 жылдың көктемінде ММУ психология факультетінің студенті Дмитрий Давыдов құрастырып, ойын бүкіл әлемге тез тарап кетті. Ойынға барлығы үш жасақтың әйелдері қатысты.

«Мафия ұжымның бірігуіне, сондай-ақ өз көзқарасын жеткізуге, әңгімелесушіні тыңдауға және жалпы шешімге келуге бағытталған. Әйелдер екі командаға бөлініп, бейбіт тұрғындар мен комиссардың алдына мафияны анықтау міндеті қойылды», — дейді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Оксана Вышар.

Үшінші айналымның соңына қарай батыл шешімдер, командалық жұмыс және жағымды атмосфера арқасында бейбіт тұрғындар мафияны жеңе алды.

«Бізге бүгінгі ойын өте ұнады. Раундтардың бірінде мен мафия болдым, бірақ өкінішке орай мені анықтай алды. Алайда мен мұнайып қалған жоқпын, себебі ойын процесінің өзі өте қызықты болды. Бұл ойында жеңіске жету үшін адамның бір түйсігі жетпейді, дұрыс стартегия құру және финалға жету үшін логикалық ойлау қажет», — дейді сотталғандардың бірі.

Мұндай мәдени-бұқаралық іс-шараларды мекеме қызметкерлері жағымды эмоционалды көңіл-күй мен командалық рухты сақтау мақсатында тұрақты негізде өткізеді.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...