Сенбілікте ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов, Нұрбек Кабдикаримов және Департаменттің бөлім басшылары және қызметкерлері мекеме аумағына қарасты ішкі сыртқы аулалар мен мекеменің ішкі аумағында орналасқан барлық ғимараттарда тазалық жұмыстарын белсенділікпен жүргізді. Сонымен қатар, мекеме аумағындағы гүл отырғызу жұмыстарына дайындық пен теректердің түбін әктеу сынды бірқатар жұмыстарды атқарды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікте Департаменттің жеке құрамы қала тынысының кеңеюіне үлестерін қосты.
ҚАЖ кызметкерлері мұндай иігілікті жұмыстарға алдағы уақытта да ұйымшылдықпен үлестерін қоса береді және сенбіліктер түзеу мекемелерінің аумағында да жалғасады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы


