Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінің қызметкері әділет сержанты Жандарбай Диана Есенгелдіқызы ағымдағы жылдың 7-9 сәуірінде Ресей Федерациясы Москва қаласында өткен 18-21 жастар арасында қоян қолтық ұрысы, өзін өзі қорғау бөлімі бойынша өткен әлем чемпионатының біріншілігінде жүлделі 2 орынды иемденді! Сонымен қатар әйелдер арасында қоян қолтық ұрысы бойынша әлем кубогынен 70 кг салмақ дәрежесінде сонымен қатар +70 салмақ дәрежесінде қос қола жүлдегері атанды. Әріптесімізді құттықтай отырып алдағы уақытта спорттық сайыстарында сәттілік және жеңіс тілейміз.


