Астана қаласының №64 Республикалық мемлекеттік мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Астана қаласы Байқоңыр ауданының пробация қызметі пробациялық бақылаудағы сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында Астана қаласының №64 Республикалық мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторы) экскурсия ұйымдастырды.  Осы мекеменің режим және күзет бөлімі қызметкерінің көрсетуімен пробациялық бақылаудағы сотталғандарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылатын тергеу уақытында тергеудегі адамдар отыратын бос камера көрсетілді.  Алғаш рет сотталғандар болашақта қайталап қылмыс жасамай, түзеу жолына түсуі үшін мекемеге экскурсия ұйымдастырылды.  Экскурсия соңында сотталғандар өз эмоцияларымен бөлісті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...